Read the original announcement in English
Бүгінгі Telegram жаңартуы сізге сөйлесулерді дискіге сақтаудың жеңіл жолын ұсынады. Бар болғаны бірнеше рет басып, кейбір (немесе барлық) чатыңызды, олардың ішіндегі суреттер мен басқа медианы қоса экспорттай аласыз. Нәтижесінде барлық дерегіңіз оффлайн режімде JSON пішімінде немесе әдемі пішімделген HTML түрінде қолжетімді болады.
Бұл мүмкіндікті қолдану үшін компьютеріңізге Telegram Desktop-тың соңғы нұсқасын орнатып, Баптау → Telegram дерегін экспорттау батырмасын басыңыз. Бұл құрал миллиондаған хаттары бар және чаттар тарихының ең ескі бөліктеріне оңай жете алмайтын қолданушылар үшін өте пайдалы.
Жеке чаттарды экспорттау үшін кез келген чаттағы … мәзірін ашып, Экспорт таңдаңыз.
Telegram қолданушыларына мәлімдемелерді баптауда үлкен икемділік берген алғашқы қолданба болды. Бүгін біз бұны одан әрі дамытып, мәлімдеме баптауына айрықшалық қостық. Бұл бөлімде сіз Баптау → Мәлімдеме арқылы орнатқан жалпы баптаудан шығарылған чаттарды көре аласыз.
Барлық чатты үнсіз етіп, тек бірнешеуін қалдыру (немесе керісінше) енді бұрынғыдан да жеңіл.
Telegram төлқұжат – нақты жеке басын қажет ететін үшінші тарап қолданбаларына кіруге арналған құрал, қолданушылар тарапынан үлкен қолдау тапты. Іске қосылғаннан кейін небәрі екі апта ішінде Төлқұжат көптеген қызметтерге тіркелу үшін қолданылатын болды: танымал ортақ тұтыну экономикасы қызметтерінен бастап блокчейн стартаптарына дейін.
Осы жетістікке сүйене отырып, бүгін біз Төлқұжатты түпнұсқа тілдердегі есімдерді және қосымша құжат түрлерін қолдауға жаңартып отырмыз. Сондай-ақ Төлқұжат деректерін шифрлайтын алгоритмдерді күшейттік, бұл Telegram тарапынан болуы мүмкін (өте ықтимал емес) хакерлік шабуылдарға қарсы деректеріңізді жақсырақ қорғауға мүмкіндік береді. Осылайша біз тек жеке деректеріңізге қол жеткізе алатыныңызды одан әрі қамтамасыз етеміз.
Әрқашан шифрлауымыз қалай жұмыс істейтініне сенудің қажеті жоқ. Telegram қолданбаларының бүгінгі өзгерістерді көрсететін жаңартылған бастапқы коды GitHub-та қолжетімді және кез келген адамға қарауға ашық. Сіз жеке басын растауды қажет ететін қызмет әзірлеушісі болсаңыз, Telegram төлқұжатты қолданбаңызға қалай біріктіруге болатынын түсіндіретін құжаттаманы міндетті түрде оқып шығыңыз.
2018 жылы 27 тамыз
Telegram командасы