Тапсырма тізімі, ұсынылған жазба және арнаға арналған қосымша табыс табу мүмкіндіктері

Read the original announcement in English
Тапсырма тізімі, ұсынылған жазба және арнаға арналған қосымша табыс табу мүмкіндіктері

Бүгінгі жаңартуда топтар мен жеке тұлғаларға Telegram-нан шықпай-ақ тапсырмаларды бақылауға көмектесетін тапсырма тізімдері енгізілді. Сондай-ақ, біз ұсынылған жазбаларды қостық, бұл арналармен әріптестіктерді ұйымдастырудың және жарнамаларды қауіпсіз, оңай тәсілі, бұл авторларға контент арқылы краудсорсинг жинап, ақша табуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Тапсырма тізімі

Premium қолданушылар енді кез келген чатта бірлескен тапсырма тізімін құра алады, бұл арқылы тапсырмаларды бақылап, топтарды үйлестіре алады, немесе сатып алу және істер тізімін басқара алады.

Тапсырма тізімінде нақты рұқсаттар бар, бұл сізге басқалардың тапсырмаларды аяқталған деп белгілеуіне немесе тізімге жаңа элементтер қосуына рұқсат беруді бақылауға мүмкіндік береді.

Тапсырма тізімін жасау үшін тіркеме мәзірін ашып, «Тапсырма тізімін» батырмасын басыңыз. Тапсырма тізімін топтарға, чаттарға және қоймаңызға жібере аласыз.

Арналарға жазба ұсыну

Жазылушылар енді өздерінің сүйікті арналарында ұсынылған жазбалар ретінде контент жіберуге мүмкіндік алады, бұл үшін ашық және автоматтандырылған бетбейне қолданылады.

Ұсынылған жазбалар арналарға тікелей хаттар арқылы жіберіледі, олар фан-арттан бастап, жарнамал видеолары, өнімге шолу және тағы басқа кез келген нәрсе болуы мүмкін.

Жазбаны жариялау үшін нақты күн мен уақытты орната аласыз немесе арнаның иесіне таңдау мүмкіндігін беру үшін «Кез келген уақытты» таңдаңыз.

Жазба ұсыну үшін, арнаға тікелей хат жібергенде хат енгізу жолағында пайда болатын таңбаны басыңыз.

Ұсынылған жазбаларды қаржыландыру

Жазба ұсынғанда, хатты жариялау үшін иесіне жұлдыз немесе Toncoin ұсынуға болады.

Toncoin-ды Telegram тіркелгіңізге Fragment арқылы тез қосуға болады, бұл ірі көлемде сатып алуға мүмкіндік береді.

Жұлдыздарды да Fragment және @PremiumBot арқылы топтап сатып алуға болады, бұл компьютер қолданатын немесе Apple Pay не Google Pay-ға қолжетімділігі жоқ қолданушыларға арналған.

Арна иесі өз сыйақысын 24 сағаттан кейін алады, жазба бұрынырақ жойылса, Telegram сізге толық соманы автоматты түрде қайтарады.

Ұсынылған жазбалар арқылы табыс табу

Ұсынылған жазбалар кез келген көлемдегі арналарға контентті краудсорсинг арқылы жинауға және серіктестік маркетингке қатысуға мүмкіндік береді, барлығы Telegram қолданбасының ішінде, бұл авторларды алаяқтықтан қорғайды және олардың құпиялылығын сақтайды.

Жұлдыздар үшін төлемдер Apple сияқты үшінші тарап жүйелері арқылы жүзеге асырылады, олар сатып алушыларға 21 күн ішінде ақшаны қайтаруы мүмкін, бұл теңгеріміңізден жұлдыздардың шегерілуіне әкелуі ықтимал. Toncoin арқылы ұсынылған жазбалар үшін төлем қабылдау қауіпсізірек, себебі Toncoin төлемдерін сатып алушы қайтарып ала алмайды.

Жазбаға ұсыныс алған кезде, оны қабылдамас бұрын өзгерістер ұсынуға болады, мәтін мен медианы өзгертуге немесе бағаны өзгертуге мүмкіндік бар. Екі тарап та жазбаны мақұлдағаннан кейін, ол бірден жарияланады немесе белгілі бір уақытқа автоматты түрде жоспарланады.

Ұсынылған жазбаны мақұлдау

Бүгінге осы, жаңа мүмкіндіктердің келесі топтамасын тексеріп болған соң, қайта ораламыз.



2025 жылғы 1 шілде
Telegram командасы