Read the original announcement in English

Бүгінгі жаңарту қолданушыларға сүйікті арналарына жеке хат жіберуге, топтардағы тақырыптар арасында жылдам ауысуға, жіберу алдында дауысхатты кесуге, суреттерді жоғары сапада жіберуге және т.б. мүмкіндік береді.
Енді арналарға хат жіберуге және олардың иелері мен әкімшілеріне тікелей жаза аласыз. Контент жасаушылар жазылушылармен жеке чат ашпай-ақ байланыса алады.
Жазылушылардың хаттары жаңа ыңғайлы бетбейнеде, иесінің жеке чаттарынан бөлек көрсетіледі.
Жеке хатты арнаға жіберу үшін оны ашып, төменгі тақтадағы хат таңбасын басыңыз. Арнаңызда жеке хаттарды қосу үшін: Арна баптауы > Хат жазу тармағына өтіңіз.
Контент жасаушылар әр хатқа ақы орната алады, бұл чаттарды реттеуге көмектеседі.
Тақырыптары бар топтар үшін енді қойынды орнатылған бетбейненің жаңа нұсқасы қолжетімді. Ол чаттар тізімінен қажетті тақырыпқа тезірек өтуге және бір рет басу арқылы бір сұхбаттан екіншісіне ауысуға мүмкіндік береді.
Тақтаның екі түрін ауыстыра аласыз: үлкен бүйір немесе чаттың жоғарғы жағындағы минимализм.
Тақырыптарды кез келген топқа Топ баптауы > Тақырып тармағында қосуға болады.
Енді дауысхатты жазып, керек бөлігін жылжыту арқылы қиып алуға болады. Керемет нәтижеге қол жеткізу үшін сәтсіз түсірілімдерді жойып, қайта бастаудың қажеті жоқ — жай ғана сөйлеуді жалғастырып, содан кейін жібергіңіз келетін хабар бөлігін бөлектеңіз.
Бұл опцияны қолдану үшін дауысхатты жазғанда құлып таңбасына дейін сырғытыңыз. Қажетті бөлікті таңдап, жаңа бөлікті қосып жазу үшін микрофон таңбасын баса аласыз.
Дауысхат пен бейнехаттардың жазуын кідіртуге немесе жалғастыруға болады.
2014 жылдан бастап Telegram қолданушылары суреттерді ықшамдалмаған түпнұсқа сапада жібере алды. Дегенмен, стандартты суреттерді жіберген сәтте, Telegram жылдам жеткізу және ұялы деректердің 90% үнемдеу үшін суреттерді оңтайландырады.
Осы жаңартудан бастап суреттерді жіберу кезінде «Жоғары ажыратымдылықтағы» жаңа опцияны таңдай аласыз, селфилер мен саяхат суреттерін одан да анық ете аласыз. HD суреттерінде 4 есе көп пикселдер болады және жүктеп алу үшін 0,5 МБ-тан аз деректер қажет.
Суретті HD сапада жіберу үшін сурет өңдегішіндегі «SD батырмасын» басыңыз немесе тіркеме мәзірінен «Жоғары сапада жіберу» тармағын таңдаңыз.
iOS құрылғысының иелері енді басқа қолданбадағы суреттер мен бейнелерді тікелей Telegram хикаясына жіберу үшін әдепкі «Бөлісу» батырмасын қолдана алады.
Мысалы: телефоныңыздың Фотолар қолданбасында 2015 жылғы ұмытып кеткен суретті кездейсоқ тауып алсаңыз және оны хикаяға жариялағыңыз келсе, қолданбалар арасында ауыспай оны өңдегіште лезде ашу үшін «Бөлісу» батырмасын баса аласыз.
2018 жылдан бастап барлық бірлестік шешімдер қабылдау және іс-шараларды жоспарлау үшін сауалнаманы қолданады.
Осы жаңарту арқылы енді сауалнамаға 12 жауап нұсқасына дейін қоса аласыз. Сонымен қатар қолданушылар сауалнама нәтижелерін кейін қарау немесе басқа чаттармен бөлісу үшін Қоймаға жібере алады.
Бүгінге осы, біз жаңа мүмкіндіктерді дайындап алғаннан кейін қайта ораламыз.
2025 жылы 3 маусым
Telegram командасы